Англия бір реттік пластик ыдыстарды қолдануға тыйым салды

485

Тыйым кешеден бастап күшіне енді

Англия бір реттік пластик ыдыстарды қолдануға тыйым салды Фото: google.com

Жаңа ережеге сәйкес, дүкендер мен мейрамханалар бұдан былай пластиктен жасалған ас құралдарын, шар таяқшалар мен полистирол шыныаяқ қолдана алмайды. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады. 

Ел үкіметінің мәлімдемесіне сәйкес, бұл шара "пластик қалдықтары мен қоршаған ортаны ластау мәселесін шешеді".

Алайда көп компаниялар мұндай өзгеріске әлі толыққанды дайын емес.

Үкімет келтірген статистикаға сәйкес, Англияда жыл сайын шамамен 1,1 млрд бір рет қолданылатын тарелка мен төрт миллиардтан астам пластикалық қасық-шанышқы пайдаланылады.

Оның басым бөлігі қайта өңдеуге жарамайды және олардың биологиялық ыдырауына жүздеген жылдар қажет болуы мүмкін.

Жексенбіден бастап елде бір реттік пластмасса табақтар, тостағандар мен басқа да ас ішу құралдарына жаңа шектеулер енгізіледі.

Қаңтар айында алғаш рет жарияланған жаңа ереже 2042 жылға дейін пластик қалдықтарын жою жоспарына бағытталған.

Қоршаған ортаны қорғау министрі үкімет пластик түтікше мен мақта таяқшаларына тыйым салып, бір реттік полиэтилен пакетіне алым және үлкен пластикалық қаптама импортына салық енгізілгенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу