Анкарада ұшақтың бір бөлігі құлады

384

Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша апаттан тұрғындар зардап шеккен жоқ.   

Анкарада ұшақтың бір бөлігі құлады Фото: DHA

Анкарада Әуе күштері қолбасшылығына қарасты F-4 жойғыш соғыс ұшағының бір бөлігі ұшу кезінде ашық тұраққа құлады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты DHA-ға сілтеме жасап. 

Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігінің аталмыш оқиғаға қатысты мәлімдемесінде: "Әуе күштері қолбасшылығына тиесілі F-4 жойғыш ұшағының бір бөлігі Анкара қаласында ұшу кезінде белгісіз себептермен ашық автотұраққа құлап кетті. Зардап шеккендер жоқ" деп жазылған.

Апаттан кейін "шығынды кім өтейді?" деген сұрақтар келіп түскен. Түркияның сақтандыру қауымдастығының айтуынша, апаттан зардап шеккен көліктерде сақтандыру болса, келтірілген залал сақтандыру есебінен өтеледі. Ал егер сақтандыру болмаса, шығынды тиісті мемлекеттік мекеме өтейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу