Анна Данилина АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты

385

Қазақстандық теннисші америкалық Бетани Маттек-Сандспен бірге норвегиялық Ульрикке Эйкери – эстониялық Ингрид Нилмен шеберлік байқасты.

Анна Данилина АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты Фото: ktf.kz

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Сан-Диего (АҚШ) WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстандық теннисші америкалық Бетани Маттек-Сандспен бірге алғашқы айналымда норвегиялық Ульрикке Эйкери – эстониялық Ингрид Нилмен шеберлік байқасты.

Бір сағат 39 минутқа созылған матчта қазақстандық-америкалық жұп 6:3, 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті. Олар 1 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың алтауын мүлт жібермеді. Норвегиялық-эстониялық дуэт 5 брейктен (13 брейк-пойнт) аса алмады.

А.Данилина – Б.Маттек-Сандс жартылай финалға шығу үшін жарыстың 2-ракеткалары, жапониялық Сюко Аояма – қытайлық Чжаосюань Янмен таласады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу