Анна Данилина Уимблдон турнирінің ширек финалына өтті

344

Теннисші франциялық Николя Маюмен жұптық өнер көрсетті.

Анна Данилина Уимблдон турнирінің ширек финалына өтті Фото: olympic.kz

Қазақстандық Анна Данилина аралас сында Уимблдон турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қазақстандық теннисші франциялық Николя Маюмен бірге екінші айналымда италиялық Андреа Вавассори – ресейлік Людмила Самсоновамен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қазақстандық-франциялық жұп тай-брейкте сәттірек ойнады – 7:6 (7:4).

Екіншісінде екінші топ 6:4 есебімен есе қайырды.

Үшінші, шешуші сетте Н.Маю мен А.Данилина тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (10:8). Екі сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында олар 8 эйспен жеңді.

Елена Рыбакина Уимблдонның ширек финалына жолдама алды.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу