"Самұрық-Энерго" компаниясына жаңа басшы тағайындалды

526

Тиісті шешімді "Самұрық-Қазына" қорының басқармасы қабылдады.

"Самұрық-Энерго" компаниясына жаңа басшы тағайындалды Фото: t.me/samrukkazynaofficial

Аңсар Айдаров "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Самұрық-Қазына" АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов компания ұжымына жаңа басшыны таныстырып, жұмыс кеңесін өткізді. Кеңес барысында ол негізгі инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімдерін қатаң сақтау қажеттігін атап өтіп, электр станцияларының уақтылы пайдалануға берілуін қамтамасыз етуді талап етті.

Аңсар Айдаров "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобында 2013 жылдан бері жұмыс істейді.

Бұған дейін "Энергия Семиречья" ЖШС бас директоры, "Самұрық-Энерго" АҚ Жобалық кеңсесінің басшысы және инвестициялар жөніндегі бас директоры қызметтерін атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу