Оның көптен бергі арманы – сүйікті әншісімен жүздесу болған.
"Бұл – менің өмірімдегі ең бақытты күндердің бірі. Димашты сахнадан емес, бетпе-бет көру – ғажап сезім. Арманым орындалды. Өмірімдегі ең әсерлі, ұмытылмас сәт болды", – дейді әншімен кездескен Ерболат.
Айта кетейік, гала концертте Димаштың әндерін жан-тәнімен сезініп, қосылып шырқаған мүмкіндігі шектеулі азаматтың бейнежазбасы тарады. Соны көрген әнші жанкүйерімен кездесті.
"Сенің видеоңды бүгін қаладан шығар алдында көріп қалдым. Ағаларымызға көп рахмет, өтінішімді жерге тастамай, бауырымды тауып беріп, ұшар алдында кездесу ұйымдастырды. Маған тілеулес болып жүргеніңе алғыс", – деп әнші естелікке өзінің білезігін тақты.