Алайда танымал әнші сот отырысының уақытын біле тұра әдейі келмей қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әуелгіде оның кешігіп келе жатқаны айтылды. Десе де, кейіннен мүлдем қатыспайтыны да анықталды.
Qarakesek лақап атымен танымал Омар Амантаевқа Қылмыстық кодекстің "Ескірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" бабы (296-бабы 3-бөлігі) бойынша айып тағылған.
– Сот отырысы күні мен уақытын біле тұра келмеді. Кешігіп келе жатқанын айтқан соң, үзіліс те жарияланды. Сотқа дәлелін келтірмеді. Қылмыстық-процестік кодекстің 157-бабы негізінде сотталушы Омар Амантаев сот отырысына мәжбүрлеп жеткізілсін. Сот отырысы 19 ақпан сағат 15:30-ға белгіленсін, – деді судья Т.Саликов.
Айта кетейік, Qarakesek былтыр қыркүйекте Ақтөбеде ескірткіге мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталды. Ол 15 тәулікке қамалып шықты және ол 7 жыл көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Егер әншіге тағылған айып дәлелін тапса, оған 200 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салынады немесе 200 сағат қоғамдық жұмысқа тартылмақ. Тіпті, 50 тәулікке қамалуы да ықтимал.