Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева сахнада жүргеніне 50 жыл толуына орай Республика сарайында ән кешін өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Концерттен түскен табысты мүгедек балаларды қолдау үшін жібереді. Бұл туралы ол Youtube-тегі Тимур Балымбетов арнасына берген сұқбатында айтты.
"Бұл концертімізде түсетін ақшаны да қайырымдылыққа жұмсауды жөн көріп отырмыз. Қаражат мүгедек балалардың шотына аударылады. Осындай игі істі жасайтын мүмкіндігіміз барына шын қуаныштымын", – деді әнші.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу