Әнші Шакира Колумбияда зілзала кезінде қираған 10 мектепті қайта қалпына келтірмек

323

Әйгілі әнші жер сілкінісінен қатты зардап шеккен Колумбияның Чоко департаментіне барды.  

Әнші Шакира Колумбияда зілзала кезінде қираған 10 мектепті қайта қалпына келтірмек Фото: EFE

Әнші өңірге сапары барысында 10 мектепті қалпына келтіруге және қатты зақымданған технологиялық университетке көмек көрсетуге ниетті екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мектептерді қалпына келтіру жұмыстарына америкалық филантроп Ховард Баффеттің қоры да атсалысады. Қор Шакираның Fundación Pies Descalzos қайырымдылық ұйымымен бірлесіп жұмыс істейді. Бұл ұйым Чокода 22 жылдан бері білім беру жобаларын жүзеге асырып келеді.

Шакира сондай-ақ жер сілкінісінен айтарлықтай зақымданған Чокодағы технологиялық университетті қалпына келтіруге жеке өзі қолдау көрсететінін айтты.

Айта кетейік, 10 тамызда Колумбияның батысында магнитудасы 7,4 балдық жер сілкінісі болды. Соңғы мәлімет бойынша, табиғи апаттан 300-ден астам адам қаза тапқан, тағы 426 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Жер сілкінісінің ошағы елдегі ең кедей өңірлердің бірі саналатын Чоко департаментінде орналасқан. Мұнда мыңдаған үй қирап, жүздеген білім беру нысаны зақымданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу