Аңсар Қажмұқанұлы 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қылмыстық іс Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Астана сотының хабарлауынша, сотталушы туыстарының 50 мың доллар көлеміндегі қаражатын иемденген.
Оқиға былай өрбіген: бастапқыда жәбірленушінің туысы аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды заңсыз сақтау фактісі бойынша тергеу изоляторына қамалған. Бұл жағдайды пайдаланып, сотталушы полиция қызметкерлерімен байланысы жоқ болса да, жазаны жеңілдетемін деп алдап, ақша алған.
Сот процесінде Аңсар Қажмұқанұлы өз кінәсін толық мойындады және шын жүректен өкінетінін жеткізді. Оның жас балаларының болуы да жазаға жеңілдік ретінде ескерілді.
Нәтижесінде, ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Сиви Махмуди бұрынғы күйеуіне қатысты мәлімдеме жасап, некедегі қиындықтар туралы ашық айтқан еді.