Антарктида мұздығының тез еруі жаһандық теңіз деңгейіне қауіп төндірді

126

Бұл туралы АҚШ-тың Колорадо университеті Боулдер кампусының ғалымдары хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Антарктида мұздығының тез еруі жаһандық теңіз деңгейіне қауіп төндірді Фото: Ольга Пастухова

Антарктида түбегіндегі Хектория мұздығы небәрі екі айдың ішінде 8 километрден астам артқа шегінген. 

Зерттеу нәтижелері мұздықтың еруі бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен жүріп жатқанын көрсетті. Мамандардың айтуынша, мұндай құбылыстың басты себебі – мұз қабаты астындағы судың қысымының күрт артуы. Бұл үлкен мұз массаларының жарылып, бөлініп кетуіне түрткі болған.

Ғалымдар мұндай процестердің Антарктиданың басқа бөліктерінде де байқалуы мүмкін екенін ескертеді. Сарапшылардың пікірінше, бұл жаһандық теңіз деңгейінің көтерілуіне айтарлықтай әсер етіп, жағалаудағы елдер үшін экологиялық және экономикалық қауіп тудырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу