Баспасөз қызметінің хабарлауынша, орталық алаяқтықпен күресте елеулі нәтижелерге қол жеткізген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Нәтижелер:
-
10 ай ішінде 60 мыңнан астам алаяқтық әрекет анықталды;
-
2,5 миллиард теңгеден астам қаржылық шығынның жолы кесілді;
-
Банктер, ұялы байланыс операторлары, микроқаржы ұйымдары мен құқық қорғау органдары арасында дерек алмасуға арналған арнайы платформа құрылып, оған 200-ге жуық ұйым қосылды.
Алдағы жоспарлар:
-
Алаяқтық схемаларын алдын ала болжау мақсатында жасанды интеллектті енгізу;
-
Деректерді Бас прокуратура және байланыс операторларының базаларымен біріктіру;
-
Алаяқтардан зардап шеккен азаматтарға қаражатты қайтару рәсімін жеңілдету;
-
Киберсауаттылықты арттырып, жаңа реттеуші нормаларды енгізу.
Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банк қаржы ұйымдары мен мемлекеттік органдар арасындағы жедел ақпарат алмасуды қамтамасыз ету үшін Антифрод-орталықтың іске қосылатынын хабарлаған болатын.
Бұл бастама – қаржылық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі.