Антикор: "Астана-Зеленстрой" директоры 9 млн теңге пара алғанын мойындады

589

Пара алды деп күдікке ілінген "Астана-Зеленстрой" ЖШС бас директоры А.Наурызәліге қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Бұл туралы inbuisness.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.  

Антикор: "Астана-Зеленстрой" директоры 9 млн теңге пара алғанын мойындады Фото: kaztag.kz

"Наурызәлі биыл 2 қыркүйекте "Табиғат НС Сервис" ЖШС директоры С. Карловадан Астана қаласының Алматы және Есіл аудандарын көгалдандыру бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 9 млн теңге сомасында ақшалай қаражат алды деп күдікке ілінген.

Наурызәліге тағылған айыптар арнаулы жедел іздестіру іс-шарасы, жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарымен, куәгерлердің айғақтарымен және т.б. расталады", - делінген хабарламада

А.Наурызәлі кінәсін толық мойындаған. Оған қатысты қорытынды шешімді сот қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу