Антикор басшысы: Мемтапсырыстарды мәңгілік күзетіп отыра алмаймыз

791

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік жоспарлау мен мемлекеттік сатып алулардың мәңгілік күзетшісі болып отыра алмайды. Агенттіктің басшысы алқа отырыста осылай деді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Антикор басшысы: Мемтапсырыстарды мәңгілік күзетіп отыра алмаймыз

"Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданының әкімдігі 40-60 шаршы метрге дейінгі баспананы 30 млн теңгеге сатып алмақ болған. Сөзсіз, мұндай қымбат баспананы астананың өзінен де кезіктіре алмайсыз. Біз тиісті кеңесті бергеннен кейін бұл баға 6 есе арзандады. Былтыр 40 млрд теңгенің шығыны артық есептеліп қойғаны жөнінде баянат жасадық. Осы жарты жылдың ішінде тағы 36 млрд теңге артық бөлінгелі тұрғанын байқадық", – дейді Марат Ахметжанов.

Оның айтуынша бұл қадағалау жұмысы жетістік ретінде қаралғанымен, іс жүзінде бұл салада проблеманың ауқымды екенін аңғаруға болады. 

"Бағаның жоғары көрсетілуі – келешекте алынатын параның басы. Түптің түбінде біз мәңгілік күзетші болып отыра алмаймыз. Осы мәселені түбірімен шешу керек. Сол себепті біз біріншіден мемлекеттік жоспарлау мен мемлекеттік сатып алулардың порталдарын интегациялауды ұсынамыз. Бюджеттік өтінімдер бәріне ашық түрде жариялануы керек. Бірыңғай тауарлардың бәріне бірыңғай баға белгіленуі тиіс. Бюджет жоспарланып, игерілгенге дейін бақылануы керек", – дейді ол.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу