Антикор бизнестің дамуына басымдық береді

529

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі биыл бизнестің дамуына кедергі келтіретін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жөніндегі алдын алу жұмыстарына ерекше назар аударады.

Антикор бизнестің дамуына басымдық береді

Бұл туралы жедел кеңесте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Олжас Бектенов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының нұсқауларына сәйкес, кәсіпкерлікті шенеуніктер тарапынан заңсыз араласудан және әкімшілік кедергілер жасаудан қорғау сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тұрақты бақылауында.

Жұмыс бизнес-қоғамдастықпен, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен тығыз қарым-қатынаста жүргізілетін болады.

Процестердің ашықтығы, мемлекеттік аппараттың бюрократиясы, артық талаптар қою, бизнесті ашу мен жүргізудің күрделілігі, заңнаманың жетілмегендігі – осының бәрі мәселелерді және түрлі сыбайлас жемқорлық схемаларын заңсыз шешу үшін айтарлықтай негіз болып табылады.

Кәсіпкерлерді толғандыратын өзекті мәселелерді талқылау және ашық диалог жүргізу, сондай-ақ аналитикалық құралдар арқылы проблемалардың себептерін, сыбайлас жемқорлыққа арналған жағдайларды және заңнамалық олқылықтарды анықтау жоспарлануда.

Бизнестің мемлекеттік инстанциялар мен соттарға өтініштерін талдауға ерекше назар аударылатын болады.

Нәтижесі әкімшілік процестерді, сондай-ақ бизнесті дамытудың тиімділігіне әсер ететін құқықтық нормалар мен ережелерді өзгерту бойынша ұсыныстар болады.

Сонымен қатар, шенеуніктердің әдейі адал бизнеске кедергілер жасап, бопсалаумен және алымдармен айналысатын жемқорлық фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс күшейтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу