Антикор: ШҚО-да жер учаскелерін жалға алу кезінде ашықтық жоқ

509

Кәсіпкер шағымы бойынша тексеру жүргізілді

Антикор: ШҚО-да жер учаскелерін жалға алу кезінде ашықтық жоқ Фото: baq.kz

Шығыс Қазақстан облысында жерді жалға алу мәселесі бойынша бірқатар ұсыныстар жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Кәсіпкер өтінішінде "ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорық" коммуналдық кәсіпорнының лауазымды тұлғаларына шағымданған. Кәсіпкер аталған жерде бұрын веломобильдерді жалға беру нүктесін жабдықтап, қызмет көрсетіп келген. Алайда 2023 жылдың наурыз айынан бастап кәсіпорын басшылығы кәсіпкерге аталған жер учаскесін жалға беру шартына қол қоюдан бас тартқан", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Мәселеге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен "Атамекен" ӨКП араласқаннан кейін мұражай басшылығымен бірге кеңес өткізіліп, нәтижесінде мекеме басшылығы кәсіпкермен бірге шартқа қол қойған.  

Аталған саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және осындай жер учаскелерін бөлу кезінде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аймақтағы қоғамдық парктер аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу үшін аукцион өткізу туралы ұсыным әзірлеп жатқан көрінеді. Мәліметке сай, одан өзге саябақтардың белгілі бір тәртіппен жұмыс істеуі үшін ортақ тұжырымдама әзірлеу, өтінім жобасын жариялау сынды тәсілдер арқылы критерийлер ашықтығын жолға қою мәселесі қарастырылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу