Антикор журналист Тоқберген Әбиевке қатысты ақпарат жариялады

865

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азамат Т. Әбиевтің бұқаралық ақпарат құралдарында зиянды мәліметтерді тарату және өзінің Youtube-арнасында шындыққа сәйкес келмейтін бейнежазбаларды жою үшін кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша бопсалады деген күдікпен қылмыстық әрекетінің жолын кесті. 

Антикор журналист Тоқберген Әбиевке қатысты ақпарат жариялады Фото: Stan.kz

 

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"2022 ж. 14 желтоқсанда Әбиев 50 миллион теңгемен ұсталып, соттың санкциясынан 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Бұдан басқа, Әбиев мемлекеттік органдар қызметкерлері мен азаматтарды адастыру мақсатында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаменті" ЖШС жеке заңды тұлғасын тіркегені анықталды" делінген ақпаратта.

Ақпаратқа сәйкес, аталған ұйымның басшысы болып көрініп, сол арқылы билік өкілінің бейнесін жасай отырып, Әбиев кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарынан өзінің жеке мүддесі үшін іс-әрекеттер жасауды, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіпті бұза отырып ақпарат пен материалдар беруді талап етті.

"Әбиев тек өзіне-өзі қызмет ету себептерін көздей отырып, ақшалай сыйақылар үшін жеке тұлғаларға өз ұйымы қызметкерінің қызметтік куәліктерін беріп, оларды билік өкілінің мәртебесі туралы жаңылыстырды. 

Алайда, Әбиевтің қызметі құқық қорғау органдарының жұмысымен ешқандай байланысты емес. Әбиевтің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы туралы ақпарат тексеріледі", делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тұрғындардан Әбиевтің заңсыз қызметінің барлық осындай фактілері туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 1424 нөмірі бойынша хабарласуды сұрап отыр. 

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу