АӨК-те жұмыспен қамтылғандар саны азайып келеді

384

Бір жылда секторда жұмыспен қамтылғандар саны 7%-ға азайған. 

АӨК-те жұмыспен қамтылғандар саны азайып келеді Фото: inbusiness.kz

Биылғы бірінші тоқсанда ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында 1 млн-нан астам адам еңбек етті. Бұл былтырғыға қарағанда 7,4%-ға аз. Сектордағы жұмыскерлердің 611,8 мыңы ерлер болса, 424,6 мыңы – әйелдер. АӨК-тегі жалдамалы қызметкерлер саны 491,4 мың адамды құрады. Тағы 545 мың адам жұмыспен қамтылған халықтың басқа санаттарына жатқызылды, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Ресурстың жазуынша, АӨК саласында жұмыспен қамтылғандар саны уақыт өте келе азаюда. Мәселен, 2018 жылдың бірінші тоқсанында секторда 1,2 млн адам, 2015 жылы – 1,4 млн адам, 2013 жылы – 2,1 млн адам, 2010 жылы – 2,2 миллион адам еңбек етті.

Елдің агроөнеркәсіптік кешені кадрлар тапшылығын сезініп жатыр. Ауыл шаруашылығы саласына 3 мың жұмысшы қажет.

Республика бойынша ауыл шаруашылығында ең көп жұмыспен қамтылғандар Түркістан облысында тұрады: 192,9 мың адам.

Үштік қатарында Жамбыл (133,3 мың адам) және Алматы (122,7 мың адам) облыстары бар.

АӨК саласында ең аз жұмыспен қамтылғандар Ұлытау облысында: 2,3 мың адам.

Секторда жұмыс істейтіндердің негізгі бөлігінің техникалық және кәсіптік білімі бар (549,5 мың адам). АӨК-те 35-44 жас аралығындағы адамдар үлесі басым: 235,4 мың.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу