"Апамның шәйі, Орда": Кейбір шай түрлеріне салынған шектеу алынып тасталды

392

Тиісті сараптама қорытындылары шықты.  

"Апамның шәйі, Орда": Кейбір шай түрлеріне салынған шектеу алынып тасталды Фото: Mail.kz

Қазақстанда бірқатар шай өнімдерін әкелу мен өткізуге қойылған шектеулер алынып тасталды. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, "Orda Trade Astana" ЖШС-нің бірқатар шай өнімдерін әкелу мен өткізуге қойылған шектеулерді алып тастады. Шешім өнімнің өндірісі мен айналымының барлық кезеңдерінде сәйкестендіру мен қадағаланушылықтың қамтамасыз етілгенін растайтын материалдарды қарау нәтижелері бойынша, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық сараптама қорытындылары негізінде қабылданды.

"Шектеулер Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес алынып тасталды. Өнімдер тізбесіне келесі шай түрлері енгізілді: "Апамның шәйі Premium gold", "Орда Кения", "Аль-Кайрат шәйі Premium gold", – делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу