Апатты жағдайдағы 6 мұнай ұңғымасы 2 жылдан соң жойылады

1009

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Брекешев соңғы 11 жылда жойылған апаттық жағдайдағы мұнай ұңғымаларының санын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz

Апатты жағдайдағы 6 мұнай ұңғымасы 2 жылдан соң жойылады

Оның сөзінше, 2010-2021 жылдар аралығында экологияға қауіп төндірген 
126 мұнай ұңғымасын пайдалануға жарамайтын күйге жеткізілген. 

"Осыған дейін жүргізілген зерттеу барысында 132 апаттық мұнай ұңғымасы анықталды. Оның 126-сы мемлекеттік бюджет есебінен жойылды. Тағы 6 мұнай ұңғымасын жою қажет. Ақтөбе облысында– 3, Атырау обылсында – 1, Маңғыстау облысында – 2 апаттық  ұңғыма бар. Олар 2023 жылдан бастап жойылады", – деді вице-министр.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу