1-ші шілдеден бастап елімізде салық және кедендік тексерістерге қатысты шағымдарды қарайтын арнайы апелляциялық комиссия жұмыс істейтін болады. Қаржы министрлігінің қарамағында болатын комиссия құрамына мемлекеттік органдармен бірге "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері де кіреді. Осы уақытқа дейін кеден және салық органдары тарапынан жүргізілген тексерістерге қатысты қайта түскен шағымдарды мемлекеттік кіріс комитетінің мамандары қарап келген болатын. Қаржы министрлігінің мәліметінше, жаңа жасақталған апелляциялық комиссия ешқандай органға тәуелді болмайды әрі дербес шешім шығару құқығы берілмек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу