Апелляциялық сот экс-банкир Жомарт Ертаевтың жазасын жеңілдетті

791

Алматы қалалық соты Жомарт Ертаевтың апеллиялық шағымын қарап, оның жазасын жеңілдетті, деп хабарлайды Atameken Business.  

 Апелляциялық сот экс-банкир Жомарт Ертаевтың жазасын жеңілдетті

Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін, сот аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған Жомарт Ертаевты 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған болатын. Енді оның жазасы 2 жылға қысқарып, экс-банкир енді 9 жылын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Ертаев кінәсін мойындағаны, қылмыстық істі тергеуге көмектескені және залалды ішінара өтегені, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалары бары ескерілген. Одан өзге, бірнеше сотталушының да жазасы жеңілдетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу