Apple компаниясының ең танымал дизайнері Джони Айв қызметінен кетеді

932

Ол жылдың соңына дейін қызметін босатып, дизайнмен айналысатын жеке компаниясын ашпақ.

Apple компаниясының ең танымал дизайнері Джони Айв қызметінен кетеді

Джони Айв – Mac, iPod және iPhone сынды гаджеттердің дизайнын ойлап тапқандардың бірі. Оның арқасында Apple әлемдегі үздік компаниялардың қатарына кірді. Financial Times газетінің хабарлауынша, ол жылдың соңына дейін қызметін босатып, дизайнмен айналысатын жеке компаниясын ашпақшы.

"Мен бұл жерден кетсем де, алдағы уақытта компанияның жұмысына араласатын боламын", – деді басылымға берген сұхбатында Айви.

Apple басшысы Тим Куктің айтуынша, компания қалған дизайннерлермен жұмысын жалғастыра бермек. Ал Айв жаңа бизнесін 2020 жылы ашуды жоспарлап отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу