Apple компаниясы Iphone 15 смартфондарының қызып кету себебін түсіндірді

650

Компания мәселені шешуге уәде берді.

Apple компаниясы Iphone 15 смартфондарының қызып кету себебін түсіндірді Фото: unsplash.com

Жаңа iPhone 15 Pro және 15 Pro Max құрылғыларының қызып кетуі шамадан тыс фондық белсенділік пен бағдарламалық құрал қателігімен түсіндірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Bloomberg басылымына сілтеме жасап.

Компанияның мәліметінше, iOS 17 соңғы бағдарламалық жасақтамасындағы қатеге байланысты құрылғылар алғашқы бірнеше күнде қызып кетуі мүмкін, сонымен қатар қолданбаларды шамадан тыс жүктеп алғанда да көптеген мәселелер туындауы мүмкін.

"Құрылғыны орнатқаннан немесе қалпына келтіргеннен кейін алғашқы бірнеше күнде фондық белсенділіктің артуына байланысты құрылғыңыз қызып кетуі мүмкін. Сондай-ақ iOS 17 жүйесіндегі қатені анықтадық, ол бағдарламалық құралды жаңарту кезінде шешіледі", делінген Apple мәлімдемесінде.

Apple Bloomberg-ке iPhone-ның қызып кетуіне әкелетін қолданбаларды әзірлеушілермен жұмыс істеп жатқанын және бағдарламалық құрал қатесін түзететін жаңарту жақын арада шығарылатынын айтты. Сондай-ақ компания қызметкерлерінің бірі Instagram қолданбасы, Uber және Asphalt 9 ойыны жаңа смартфондардың қызып кетуіне себеп болғанын растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу