Апта сайын Қазақстанға кемінде 11 мың шетелдік турист келеді – Мәдениет және спорт министрлігі

548

Биыл ұлттық парктерге 2 млн-ға жуық адам барады деген болжам бар.

Апта сайын Қазақстанға кемінде 11 мың шетелдік турист келеді – Мәдениет және спорт министрлігі

Мәдениет және спорт министрлігі 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы туризм саласына қатысты аралық көрсеткішті жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

550 мың адам Щучинск-Бурабай курорт аймағына барды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп;

Жазғы маусым аясында 240 мыңға жуық адам "Шымбұлаққа" барды, бұл былтырғы жазғы маусымға қарағанда 90 мыңға артық. (Нақты көрсеткіштер маусым аяқталғаннан кейін жарияланады.)

2022 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша:

Орналасу нысандарына жайғасқан ішкі туристер саны 21,5%-ға артып, 1,13 млн адамды құрады;

Орналасу нысандары 26,3 млрд теңге көлемінде қызмет көрсетті, бұл 2021 жылғы 1 тоқсанмен салыстырғанда 25,7%-ға артық;

Апта сайын Қазақстанға кемінде 11 мың шетелдік турист келеді;

Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметі бойынша туризмнің жаһандық рейтингінде Қазақстан 2021 жылы өз позициясын жақсартып, 117 елдің арасында 66-орынды иеленді (2019 жылы – 140 елдің ішінде 80-орын).

Еліміз "Баға бойынша бәсекеге қабілеттілік" (1-орын), "Туризмнің маусымдылығы"  (26-орын), "Табиғи ресурстар" (33-орын), "ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра объектілерінің саны" (42-орын) көрсеткіштері бойынша жоғары баға алды.

2021 жылы Қазақстанда ішкі туристер саны  рекордтық деңгейге жетті. Тіркелген адамдар саны шамамен 7 млн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу