Апта соңында әлемдік мұнай бағасы көтерілді

245

Бұған Сауд Арабиясының хуситтермен қақтығысы себеп болып отыр.

Апта соңында әлемдік мұнай бағасы көтерілді Фото: Sputnik / Максим Богодвид

Oilprice.com сайтының мәліметі бойынша, 23 қазан таңертеңгі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,34%-ға өсіп, баррелі 113,56 долларға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Америкалық WTI маркалы мұнайдың бағасы 0,46%-ға өсіп, баррелі 99,93 доллар болды.

Сонымен қатар ресейлік Urals маркалы мұнайдың бағасы 3,05%-ға төмендеп, баррелі 101,56 доллар болды.

Нарықтың алаңдаушылығын күшейткен факторлардың бірі Сауд Арабиясы мен хуситтер арасындағы қақтығыстың ушығуы болды.

Сауд Арабиясындағы Король Фахд халықаралық әуежайына жасалған шабуылда шетелдік азамат қаза тауып, сегіз адам жарақат алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу