Аптап ыстық бастылды: Алдағы демалыс күндері ел аумағы жаңбырлы болады

245

Қазгидромет 15-17 тамызға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аптап ыстық бастылды: Алдағы демалыс күндері ел аумағы жаңбырлы болады Фото: inbusiness.kz

Атмосфералық фронттың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің екпіні күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. 

Тек еліміздің батысында және Қызылорда облысында жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман болады.

15 тамызда Қостанай облысында, 15-16 тамызда Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, 16 тамызда Павлодар облысында нөсер жаңбыр жаууы ықтимал.

Еліміздің батысында күндіз ауа температурасы 18-26°-тан 25-33° жылыға дейін көтеріледі. Ақтөбе облысында айтарлықтай өзгеріс болмайды негізгі температуралық фон 20-30° жылы болады.

Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасының төмендеуі болжанады: түнде 15-20°-тан 7-12° жылыға дейін, күндіз 20-30°-тан 15-20° жылыға дейін төмендейді.

Ақмола және Павлодар облыстарында түнгі ауа температурасы 15-20°-тан 10-15° жылыға дейін, күндіз 30–35°-тан 17-25° жылыға дейін төмендейді.

Еліміздің орталық және шығыс өңірлерінде қатты ыстықтың беті қайтады. Осы өңірлердің оңтүстігінде күндізгі ауа температурасы 34-39°-тан, ал өңірдің оңтүстігінде өте қатты ыстық кезінде 40-41°-тан 23-33° жылыға дейін төмендейді.

Қазақстанның оңтүстігінде күндізгі ауа температурасы 38-44° қатты ыстықтан 30-37° жылыға дейін төмендейді.

Еліміздің оңтүстік-шығысында күндіз ауа температурасы 34–39° қатты ыстықтан, өңірдің солтүстігінде 40-43° өте қатты ыстықтан 30-36° жылыға дейін төмендейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу