Аптап ыстық: орман өртінің қаупі жоғары болып тұр

414

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аптап ыстық: орман өртінің қаупі жоғары болып тұр Фото: ЖИ

Өрттің бірі Батыс Қазақстан облысында, екіншісі Ұлытау ұлттық паркінің аумағында тіркелген. Батыс Қазақстандағы өрт ошағы "Қазавиаорманқорғау" мекемесінің әуе патрульдеуі кезінде анықталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақпарат түскен бойда орман шаруашылығы қызметкерлері мен қажетті техника оқиға орнына жіберілді. Өртті сөндіруге әуе өрт сөндіру десантшылары және мемлекеттік орман күзетінің мамандары тартылды.

Министрлік мәліметінше, аптап ыстық пен найзағайға байланысты ел аумағында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталып отыр.

Осыған байланысты орман күзеті күшейтілген режимге көшіп, әуе және жерүсті патрульдеу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу