Аптап ыстық пен дауылды ауа райы қатар күтіледі

358

Найзағай, бұршақ пен қатты жел күтіледі, ал оңтүстік және шығыс аймақтарда аптап ыстық пен өрт қаупі сақталады.  

Аптап ыстық пен дауылды ауа райы қатар күтіледі Фото: prm.ua

15 маусымда еліміздің көптеген өңірінде құбылмалы ауа райы сақталады. Синоптиктер жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және екпінді желге байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астана қаласында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, күндіз бұршақ күтіледі. Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ пен дауыл болжанып отыр. Желдің екпіні 15-25 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде аптап ыстық сақталады. Жамбыл облысында ауа температурасы 39 градусқа дейін көтерілсе, Алматы, Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында 35-38 градус ыстық болады.

Түркістан, Қызылорда, Шымкент, Абай облыстары мен бірқатар өзге өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы мен Шымкент қалаларында да өрт қаупі жоғары деңгейде болады.

Сондай-ақ Алматы, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарының таулы аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу