Аптап ыстықтан Еуропаның оңтүстігіндегі ормандар өртеніп жатыр

555

Франция, Испания және Португалиядағы орман өрттеріне байланысты жүздеген адам эвакуацияланды, Еуропадағы шенеуніктер алдағы күндердегі аптап ыстықтан денсаулыққа қауіп төнетінін ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Аптап ыстықтан Еуропаның оңтүстігіндегі ормандар өртеніп жатыр

Португалияда 14 шілдеде өртті сөндіру кезінде су тасымалдайтын ұшақтың ұшқышы қаза тапқаны белгілі. Францияның түкпір-түкпірінен үш мың өрт сөндіруші елдің оңтүстігін шарпыған өртпен күресуде, деп хабарлады жұма күні Франция Президенті Эммануэль Макрон Twitter-де.

NASA бақылауларына сәйкес, 2022 жылдың жазында бүкіл әлемде аптап ыстық толқыны рекордтарды жаңартты, температура 40 градустан жоғары көтерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу