Ұлттық экономика вице-министрі қазақстандықтар баруға болмайтын елдер тізімі туралы айтты

457

Министрлік сайтында Қазақстанның қай елдермен визасыз режимі бар екені жарияланады. 

Ұлттық экономика вице-министрі қазақстандықтар баруға болмайтын елдер тізімі туралы айтты Фото: © Sputnik / Санат Имангалиев

Сенат кулуарында журналистер Сыртқы істер вице-министр Роман Василенкодан отандастарымыз бармауы керек елдер тізімі туралы сұраққа жауап алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Менің білуімше, біз мұндай тізімдерді жарияламаймыз. Біздің министрлік сайтында Қазақстанның қай елдермен визасыз режимі бар екені жарияланады. Виза талап ететін елдердің тізімі де бар. Бірақ біз әрдайым шетелге шыққан азаматтарға, қарапайым тілмен айтқанда миды қосып, бару қажет пе деген сұраққа жауап іздеп, төнуі мүмкін қауіпті өз бетінше бағалау керек деп ашық айтамыз. Егер соғыс жүріп жатқан ел болса, Жерорта теңізінің жағалауында орналасса да шипажайға барудың қажеті жоқ екені белгілі", – деді министр орынбасары. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу