"Әр азамат өтініш қалдыра алады": ІІМ Threads желісінде жаңа акцияны іске қосты

694

Ішкі істер министрлігі Threads әлеуметтік желісінде "Біз қасыңыздамыз. Бізден сұраңыз" республикалық акциясын бастайды.

"Әр азамат өтініш қалдыра алады": ІІМ Threads желісінде жаңа акцияны іске қосты Фото: gov.kz

Іс-шара отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ІІМ мәліметінше, акция түрлі себептермен полицияға жүгінуге батылы бармай жүрген зорлық-зомбылық құрбандарына, зорлық-зомбылық фактілеріне куә болған адамдарға, сондай-ақ құқықтық кеңес пен қолдауға мұқтаж азаматтарға арналған.

"Акция аясында әрбір азамат ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің Threads әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына  өз өтінішін қалдырып, мамандардан кеңес пен қажетті түсіндірмелер ала алады. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда тиісті ден қою шараларын қабылдау үшін ақпарат аумақтық полиция бөлімшелеріне жедел жолданады", – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек байланыс деректері жинақталған арнайы ақпараттық ресурс та әзірленген.

https://zhanyndamyz.netlify.app сілтемесі арқылы әрбір азамат өз өңіріндегі қажетті байланыс деректерін тауып, құқықтық, психологиялық және өзге де көмек пен кеңес алу үшін қайда жүгінуге болатыны туралы ақпарат ала алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу