Әр балаға 42500 теңге жәрдемақы беріле ме?

1209

Әр балаға 42500 теңге бөлінсін деген көпбалалы аналардың ұсынысына бүгін нүкте қойылды, деп хабарлайды Atameken Business..  

Әр балаға 42500 теңге жәрдемақы беріле ме?

"Мемлекеттік бюджетке бұл тым ауыр тиеді, біз мұнша ақшаны бөле алмаймыз" - деді халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі. Асқар Ниязов "ана капиталының" да біздің елде пайда болмайтынын атап айтты. Оның сөзінше "ана капиталы" дамыған мемлекеттер АҚШ пен Үндістанда да жоқ.

"Бұл әлеуметтік көмек тууды ынталандыру мақсатында жүзеге асырылады. Ал біздің елде бала тууды арттыру мәселесі проблемалық аспект емес" - деді ол.

Айта кетсем, Конституцияға сәйкес, біздің ел өзін әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Ол азаматтарына жан-жақты социалдық көмек көрсетуге бағытталған дегенді білдіреді. Ал министрлік өкілдері салыстырған Американың заңнамасында мұндай бір ауыз сөз де жоқ. Жалпы қазір елімізде 458 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар.  Биыл әлеуметтік жәрдемақыға 750 миллиард теңге бөлінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу