"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында 18 жасқа толмаған әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Ұлттық қор – балаларға" жобасына сәйкес жиналатын ақша өмірдегі маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуге пайдаланылады.
Мәселен, қаражаттың негізгі бөлігі, яғни 19 млн доллар тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталды. Тағы 11,9 млн доллар – 78 мың өтінім бойынша балалардың білім алуға байланысты қажеттіліктеріне жұмсалды.
Бағдарлама тетігі цифрландырылған және барынша ашық.
Ата-аналар өз баласының жүйеде бар-жоғы мен жинақ қаражатын бірнеше тәсілмен тексере алады:
- Мамандандырылған kids.enpf.kz сайты (баланың ЖСН бойынша) арқылы;
- eGov.kz порталындағы жеке кабинеті арқылы;
- Halyk, Kaspi.kz және Bcc.kz мобильді қосымшалары арқылы.
Ескеретін тағы бір жайт: бала 18 жасқа толғанда жиналған сома БЖЗҚ-дағы арнайы шотқа аударылып, жинақтарды электронды цифрлы қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен тек алушының өзі ғана көре алады.