Әр кандидаттың өз жеңісі бар – Салтанат Тұрсынбекова

553

Қазақстан Президенттігіне үміткер Салтанат Тұрсынбекова Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтап, оған жан-жақты қолдау көрсететінін мәлімдеді.  

Әр кандидаттың өз жеңісі бар – Салтанат Тұрсынбекова Фото: 24.kz

Exit-Poll нәтижелерін өз сайлау штабында, жақтастарымен бірге тыңдаған Салтанат Тұрсынбекова әр кандидаттың өз жеңісі бар деп есептейді, деп жазады inbusiness.kz..

“Әр кандидаттың өз жеңісі бар. Соның ішінде менің жеңісім – әйел-саясаткер мәртебесіне жаңа деңгей бере алдым, менің сайлау алды бағдарламамның арқасында алалау мен зорлық-зомбылықты түбірімен жою күн тәртібінен түскен жоқ. Электоралды кампаниядағы әр адамның жүрегіне жол таптым деген сенімдемін, тікелей эфирді пайдаланып, халық алдында берген уәделерімнің барлығын орындайтынымды тағы қайталап айтқым келеді. Әр кездесуде әлеуметтік маңызы бар мәселелерді, азаматтардың өмір сапасын жақсарту  мәселесін көтердім. Мұндай кездесулер аз болған жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлы,  сізді нық жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын. Өз жоспарларыңызды жүзеге асыруда  табыс тілеймін! Өз тарапымнан  сізге жан-жақты көмек көрсетуге дайынмын”, - деді Салтанат Тұрсынбекова.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу