Әр қазақстандық айына орта есеппен 16 дана жұмыртқа тұтынады

Қазақстанда 10 айдың ішінде 4,2 млрд-тан астам жұмыртқа өндірілді.  

Әр қазақстандық айына орта есеппен 16 дана жұмыртқа тұтынады Фото: inbusiness.kz

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанда 4 223 млн жұмыртқа өндірілді.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,7%-ға артық (4026,2 млн).

Өңірлер арасында тауық жұмыртқасын шығарушы ең негізгі өңірлер – Ақмола (616,5 млн дана), Алматы (613,4 млн дана) және Солтүстік Қазақстан облыстары (610,0 млн дана).

Жұмыртқаның ең аз мөлшері Алматы қаласында және Маңғыстау облысында өндіріледі, ал елордада жұмыртқа өндірісі мүлде жоқ.

Айта кетейік, әрбір қазақстандық айына орта есеппен жұмыртқаның 16 данасын тұтынады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу