banner

Әр қазақстандыққа бір тонна астық

819

Елімізде 18 млн тонна астық орылды. 

Әр қазақстандыққа бір тонна астық

Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің дерегі бойынша 28 қыркүйекке дейін елімізде 18 млн 609,5 мың тонна астық орылған. Егіннің орташа шығымы гектарына 12,4 центнерден келеді. 

"Егін егілген алқаптың 95,1%-і орылды. 15 млн 15,5 мың тонна дәнді және дәнді-бұршақты өнім алынды.  Жалпы  18 млн 609,5 мың тонна астық бастырылған. Өткен бір тәуліктің өзінде ғана диқандар 190,7 мың тонна астық алды",  – деп жазады Еldala.kz сайты.

Сайттың мәліметіне сенсек, Республиканың ең астықты өлкесі саналатын үш облыста да егісті алқаптың 95 пайызы орылып үлгерген.

"Ақмола облысында  бүгінде 4756 мың тонна астық бастырылды. Шығым - 11,2 ц/га. Солтүстік Қазақстанда 4252 мың тонна астық бастырылды. Шығым - 14,8 ц/га. Қостанай облысында 3855,1 мың тонна астық бастырылды. Шығым – 10 ц/га", – деп жазылған мақалада. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу