Әр құрбан шалушыға 1 сағат уақыт беріледі

1059

20 шілде күні сағат 07:20-дан бастап "Сары", "Жасыл" аймақтағы өңірлердегі алдын ала жазылған тұлғалар белгіленген уақытта әкімдік тарапынан бекітілген арнайы орынға барып, офлайн форматта құрбан шалуы керек. Әр адамға 1 сағат уақыт беріледі.

Әр құрбан шалушыға 1 сағат уақыт беріледі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Офлайн форматта құрбан шалушы ҚМДБ-ның жауапты тұлғасына ASHYQ бағдарламасы арқылы мәртебесін көрсетеді. Құрбан шалуға қатысу 
"Жасыл", "Көк" түстердегі тұлғаларға ғана рұқсат етіледі. "Қызыл" және "Сары" түстердегі тұлғаларға рұқсат етілмейді", – деді наиб мүфти. 

Ершат Оңғардың айтуынша, құрбандық етін ет сақтайтын орындарға жөнелту мен жеткізуді еріктілер мен имамдар жүзеге асырады. Бұл іс тегін атқарылады. Құрбан еттері жағдайы төмен отбасыларға, жетімдер мен қарттар үйі және әлеуметтік жағдайы төмен топтарға таратылады. 

"Қаспаханаларда тазалыққа мән беріліп, санитарлық талаптардың сақталуын қатаң қадағалауды қолға алдық. Күні кеше бас мүфти жұмыс тобымен бірге қасапхана тазалығын, мал соятын орындар мен сойылатын малды көріп қайтты. Дінімізде тазалықтың маңызы жоғары. Қасапханаға маска тағып, арақашықтық сақтап, дене қызуы бар адамдардың жақындауына жол бермеуге тиіспіз. Жасы 65-тен асқан қариялар, әйелдер мен балалардың барынша құрбан малын шалатын орындарға баруын шектеуге шақырамыз. Қазіргі уақытта қасапханаға қойылатын тәртіп жоғары. Оны ұдайы бақылап, келушілермен арадағы байланысқа жіті мән беруіміз керек. Ең бастысы малды шариғат талаптарына сәйкес бауыздап, сойылуын қатаң қадағалау қажет", – деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу