Әр отбасыға бір кәсіп: Өзбекстан махалляларға 623 млн доллар бөлмек

845

Қаржының басым бөлігі шағын бизнесті дамытуға бағытталады. Сонымен қатар, жұмыссыздарға Оңтүстік Кореямен бірлесіп жаңа кәсіп түрлері оқытылады. 

Әр отбасыға  бір кәсіп: Өзбекстан махалляларға 623 млн доллар бөлмек

Ресми мәліметтер бойынша Ташкентте 3 миллионға жуық адам тұрады. Алайда тұрғындар халық саны әлдеқайда көп,- дейді. Сондықтан ел астанасының өзінде осындай махалля жетерлік. Бір махалляда 10 мыңға жуық адам тұрады. Әр отбасыда орта есеппен 4-5 бала бар. Сондықтан мұндағы баспаналар осылай тығыз орналасқан. 

Соңғы жылдары халық арасында Махалляның керек, керек еместігі туралы кереғар пікірлер жиі туындауда. Бірі ол ескілік десе, келесілері әлеуметттік тұрақтылықтың көзі, дейді. 

Ал Өзбекстан Президентінің бұл мәселеде позияциясы анық. Биыл Махалля және Отбасы істері министрлігі құрылса, былтыр бюджеттен 2 млрд бөлінген. Махалля тұрғындары болса, мұндай қауымдастық ажырасулар мен жұмыссыздар санын азайтады,-дейді. 

"Махалля бұл әкімшілік өзін-өзі басқаратын институт. Ол өз бастауын Ислам діні келмей тұрып Самарқанда алған. Ескі қалада беліглі бір кәсіп иелері топтасып өмір сүрген. Кейін ол үлкен қауымдастықтарға айналды. Әр махалляның өз ақсақалы мен қоғамдық кеңесі болады. Қазір мұндай  штат кеңірек. Әрі соңғы жылдары дәстүрлі кәсіби махалляларды жаңғыртуға көп көңіл бөлініп жатыр", дейді Махалля ақсақалы Шукуролла Каримов.

Бұл Махалляны 2019-шы жылы мемлекет қолөнер шеберлеріне арнап салған. Шағын бизнесті қолдау үшін бюджеттен субсия да қарастырылған екен. Сол қаржыға шеберлер ұстахана мен дүкендерін ашып, саудаларын жүргізеді. Бұл махалляны қазыргі заман тілімен кәсіпкерлерге арналған хаб деуге болады.

Соның бірі ұлттық қолөнермен айналысатын Қасымбаевтар отбасысы. Алғашында кәсібін ашу үшін мемлекеттен жеңілдетілген пайызбен несие алған. Бүгінде 200-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. 

"Қолонермен айналысатын кәсіпкерлерге бірде-бір салық салынбайды. Бұл санатқа қолөнердің кез-келген түрімен айналысатын барлық кәсіп кіреді. Біз мемлекетке ештеңе төлемейміз. Ал бұл махаллядағы үйлерді бизнеске аранлған ғимарат ретінде пайдалану керек.Мысалы біз мұнда тұрамыз. Шеберханада өнімді жасап, росы жердегі дүкенде өзіміз сатамыз", дейді кәсіпкер Анвар Қасымбаев.

Махалляның қазақ ауылдарынан басты айырмашылығы мұнда әр отбасыға  бір кәсіп деген принципті ұстанады. Ол жұмыссыздықпен күрес және ішкі миграцияны реттеу үшін қабылданған бағдарлама. Мәселен, екі қолға бір күрек таппай жүргендерге махалляның ішінде арнайы курстар ұйымдастырылған. Ал бизнес идеясы бар, бірақ ақшасы жоқтарға әр махалляның әкімшілік ғимаратында бір мемлекеттік банктің өкілі отырады. Келер жылдан бастап махаллялардың өз бюджеті болады. Ал, Қазақстандағы ауылдар дербес бюджет жүйесіне 2020-да көшті.  

Маржан Жұмабай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу