Әр түрлі құқық бұзушылықтар үшін 1 381 павлодарлық жүргізуші куәліктерінен айырылды

899

Әр түрлі құқық бұзушылықтар үшін 1 381 павлодарлық жүргізуші куәліктерінен айырылды

Павлодар облысының прокуратурасының бастамасымен алқа отырысы өтті. Облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің сот қаулысын орындау негізінде түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жүргізуші куәлігінен айыру туралы жасалған жұмыстардың нәтижелері қаралды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Жергілікті полиция қызметі "Жүргізуші куәлігі" жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізді, нәтижесінде 1 381 куәлік тартып алынды. Оның ішінде жоғалу фактісі бойынша 713 материал ішкі істер органдарының ақпараттарды есепке алу кітабына тіркелді. Сөйтіп, құқық бұзушылардан тапсырылмаған жүргізуші куәліктері алынды және көлік құралдарын жүргізуде жүргізуші куәлігін заңсыз пайдалану фактілерінің жолы кесілді.

Заң бұзушылыққа жол берген үшін облыстық Ішкі істер департаментінің бірқатар лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар бас прокуратура әкімшілік кодекске тұлғаның жүргізуші куәлігін тапсырған немесе одан алып қойған күннен бастап арнайы құқықтан айыру мерзімін есептеу бөлігінде өзгерту енгізуді қолдады. Осыған байланысты құқық бұзушыға жүргізуші куәлігін жасырудың еш мәні болмайды, өйткені сот қаулысын орындау мерзімі оның жүргізуші куәлігін тапсырған күнінен басталады.

Айта кетейік, 2015-2016 жылдары облыс соттары жолда жүру қағидаларын бұзғаны үшін 6 мыңнан астам жүргізушіні куәлігінен айырғаны, оның ішінде 2 мыңнан астам құқық бұзушының жүргізуші куәлігін полиция қызметкерлері алмай, сот қаулысы орындалмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу