Араб әмірлігінің компаниясы елордада 2 млрд долларға тұрғын үй салғысы келеді

589

Мұхтар Тілеуберді Үкімет жобаға қолдау көрсетуге дайын екенін хабарлады.

Араб әмірлігінің компаниясы елордада 2 млрд долларға тұрғын үй салғысы келеді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді "Ayana Holding" компаниясының Басқарма төрағасы Абдулла бен Лахеджды қабылдады, деп жазады inbusiness.kz ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. 

Тараптар Нұр-Сұлтан қаласында "The Grand Mosque Residences" көпфункционалды тұрғын және сауда кешенінің құрылысы жобасын іске асыру перспективаларын талқылады. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар аталған жобаны практикалық тұрғыда іске асыру кезеңіне өту бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.

Бірінші кезеңнің жалпы құны 576 млн АҚШ доллары болса, жобаның жалпы құны 2 млрд АҚШ долларын құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу