Араб мемлекеттерінің СІМ басшылары Қытайға Газадағы жағдайды талқылау үшін барады

427

Бұған дейін Эр-Риядта өткен араб және ислам елдерінің саммитінде Газа секторындағы атысты тоқтату туралы қарар қабылданған еді.  

Араб мемлекеттерінің СІМ басшылары Қытайға Газадағы жағдайды талқылау үшін барады Фото: Reuters

Араб-Ислам саммитін ұйымдастыруға жауапты комитет өз жұмысын бастады. Бұл туралы Сауд Арабиясының СІМ басшысы Фейсал ибн Фархан әл Сауд Араб-Ислам мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл комитеттің міндетіне Газадағы атысты тоқтату жөніндегі шараларды дайындау кіреді.

Араб және ислам елдерінің СІМ басшылары 20 қарашада Қытайға Газадағы атысты тоқтату және зардап шеккендерге көмек көрсету мәселесін талқылау үшін барады.

Бұған дейін Эр-Риядта өткен араб және ислам елдерінің саммитінде Газа секторындағы атысты тоқтату туралы қарар қабылданған еді.

Резолюцияда Газа секторы Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Палестина аумақтарының ажырамас бөлігі болып табылатыны, қарулы қақтығыс үшін Израиль жауапқа тартылуы керек екені жазылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу