"Арай" базарын қасақана өртеген

673

Қарағандыда базарға әдейі өрт қойған ұрылар ұсталды.

"Арай" базарын қасақана өртеген

Қарағанды қаласындағы "Арай" базарындағы контейнерлерге қасақана өрт қойғаны анықталды. Полиция қызметкерлері базарды әдейілеп өртеген екі азаматты қолға түсірді. 28 жастағы Ақмола облысының тұрғынын полиция қызметі Ботақарадан ұстаған. Екіншісі – 51 жастағы Шахтинскі тұрғыны , ол Қарағанды қаласында қолға түскен.

Қылмысты ашу үшін Қарағанды облысының Полиция департаментінің қызметкерлерінен тергеу оперативтік тобы құрылған.

"Ұсталған күдіктілер контейнердің бірінде жасаған ұрлықтарының ізін жасыру үшін қасақана өрт қойғандарын мойындады. Бүгінде екі күдікті уақытша қамау изоляторына қамалған. Бұл іске қатысты тергеу жүргізілуде",– деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 21 қазанда түн ішінде "Арай" базарындағы контейнердің бірінен өрт шығып,  жанындағы контейнерлерге де тез тарап кеткен. Осылайша 14 контейнер отқа оранған. Тілсіз жаудың шарпыған аумағы 200 шаршы метрді құрады. Өрт техникалық сараптамасы оттың қасақана қойылғанын анықтады.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу