Арал халықаралық тұрақты даму форумы өтті

800

Арал халықаралық тұрақты даму форумы өтті

Қызылордада бірінші Арал халықаралық тұрақты даму форумы өтіп жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, Парламент депутаттары, ҚР және Орталық Азия елдерінің орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының басшылары, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, халықаралық ұйым өкілдіктерінің жетекшілері, ғалымдар, сарапшылар және т.б. қатысты.

Алқалы жиынның ашылуында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымының мінберінде  Арал теңізінің мәселесі біздің өңірге ғана емес, бүкіл әлемге қатер төндіретіндігі туралы айтқан мәлімдемесін  келтіре отырып, теңіздің тартылуы салдарынан көтерілген шаң мен улы тұз қазірдің өзінде Еуропа мен Антарктидадан табылып отырғандығын атап өтті.

Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіхалықова алғысөз сөйледі. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан мемлекеттері делегацияларының, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Дүниежүзілік Банк және Еуропалық экономикалық комиссия өкілдерінің форумға жолданған  құттықтаулары оқылды. Аралдың экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін талқылаумен қатар, форум барысында индустриалды экология, ғаламдық климаттық өзгерістер, кешенді су тақырыбы мен аталған өзекті мәселелерді шешудің әлемдік тәжірибесі талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу