Арал – Каспий магистралі жүктерді жеткізу мерзімін 3 күнге дейін қысқартады

2026 жылдың тамыз айында Мемлекет басшысы Арал – Каспий магистралінің құрылысын ресми түрде бастауды тапсырған еді.

Арал – Каспий магистралі жүктерді жеткізу мерзімін 3 күнге дейін қысқартады Фото: akorda.kz

Негізінен, құрылыс жұмыстарын 2028 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Үкіметте экономиканың нақты секторын дамыту мәселелері бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді.

Мұнан бөлек, жүк ағынының ұлғаюын ескере отырып, "Көкшетау – Петропавл" учаскесін кеңейтуге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылысты 2027 жылдың бірінші жартыжылдығында бастау жоспарланған.

– Мемлекет басшысы жолдардың сапасын бірнеше рет орынды сынға алды. Президенттің тапсырмасы бойынша еліміздегі барлық автомобиль жолына жауапты орган ретінде Көлік министрлігі айқындалды. Жол құрылысының стандарттарын арттыру және осы саладағы барлық қатысушылардың жолдың сапасымен байланысты жауапкершілігін күшейту мақсатында менің төрағалығыммен автомобиль жолдары саласын реформалау жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Осы саладағы озық халықаралық тәжірибені зерделеп, жолдардың сапасын жақсартуға бағытталған нақты шешімдер әзірлеп, кемшіліктерді жоюға бағытталған барлық қажетті, оның ішінде заңнамалық шараларды қамтитын тиісті іс-қимыл жоспарын ұсынамыз, – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу