Арал проблемасы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының назарында

583

Арал теңізінің құрғауы 60 миллионнан астам халқы бар Арал аймағындағы мемлекеттер үшін ғана емес, бүкіл әлем қоғамдастығы үшін де сын-қатерге айналды. 

Арал проблемасы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының назарында Фото: massaget.kz

Бұл туралы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының комитеті кеңесіне онлайн қатысқан ҚР Парламенті Сенатының вице-спикері,  Парламенттік Ассамблея төрағасының орынбасары және Ассамблеяның Орнықты даму саласындағы мақсаттар жөніндегі арнаулы өкілі Асқар Шәкіров мәлімдеді.

 "ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Экономикалық мәселелер, ғылым, технология және қоршаған орта жөніндегі комитеті кеңесінде ЕҚЫҰ өңіріндегі экономикалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды" Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Арал теңізінің құрғауы БҰҰ тарапынан адам әрекетінен туындаған ең ауыр экологиялық апат ретінде танылған. Жиында осы экологиялық проблеманы шешу үшін бүкіл әлем қоғамдастығының күш-жігерін біріктіру қажет екені айтылды. Бұл проблеманы шешуде теңіздің қазіргі жағдайымен егжей-тегжейлі танысу үшін ЕҚЫҰ-ның мүдделі парламентшілеріне Арал өңіріне бару ұсынылды.

"Комитет бюросы осы мәселе бойынша 2023 жылдың бірінші жартысында ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының делегациясын Арал өңіріне жіберу туралы ұсынысқа қолдау білдірді",  – делінген хабарламада.

2022  жылдың шілде айында Бирмингемде өткен ЕҚЫҰ ПА-ның жыл сайынғы сессиясында Қазақстан мен Өзбекстанның парламенттік делегациялары Арал теңізін құтқаруға байланысты жобаларды үйлестіруге қатысуға донор елдерді шақырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу