Аралас қаптама түрлерін қайта өңдейтін зауыт салуға тендер жарияланды

1041

Жоба құнының тең жартысын ӨКМ Операторы инвестициялайды. 

Аралас қаптама түрлерін қайта өңдейтін зауыт салуға тендер жарияланды

ӨКМ Операторы аралас материалдардан жасалған қаптама қалдықтарын қайта өңдейтін зауыт салуға тендер жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәсіпорынға қойлатын басты талап – зауыт қуаты кемінде 10 мың тонна аралас қаптаманы кәдеге жаратуға және құрамында целлюлоза бар материалдардан дайын өнім шығару (кемінде 90%) керек. Қаптама материалының 75%-ын – картон, 20%-ын – пластик, 5% алюминий құрайды.

Тендерлік ұсыныстарға жобаның сипаттамасы, егжей-тегжейлі калькуляциясы мен ұсынылатын технологияның сипаттамасы қоса көрсетілуге тиіс. Өтінімдер 2021 жылдың 12 сәуіріне дейін қабылданады. Іріктеу жүргізу тәртібімен ӨКМ Операторының recycle.kz интернет-ресурсында танысуға болады. 

Айта кетсек, зауыт салынса, бұл – еліміздегі аралас қаптама түрлерін қайта өңдейтін алғашқы жоба болмақ.

Елімізде жыл сайын аталған қаптаманың 20 мың тоннадан астам қалдығы жиналады екен. Қайта өңдейтін кәсіпорындардың болмауына байланысты қазіргі уақытта қалдықтар қоқыс полигондарында көміледі. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу