Аралда балық өңдеу зауыты іске қосылды

75

Арал ауданында орналасқан өндірістік кешеннің қуаттылығы жылына 6 000 тонна балық өнімін өңдеуге есептелген.

Аралда балық өңдеу зауыты іске қосылды Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Жаңа кәсіпорынның ашылуы Арал мемлекеттік балық шаруашылығының 100 жылдығын мерекелеу аясында өтіп, өңірдің балық шаруашылығы саласын қайта жаңғырту мен дамыту жолындағы маңызды оқиғаға айналды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Зауыт заманауи, жоғары технологиялық жабдықтармен жарақтандырылған және халықаралық сапа мен қауіпсіздік стандарттарына сай экологиялық таза өнім өндіруге бағытталған.
Жобаға салынған жалпы инвестиция көлемі 430 млн теңгені құрады.

Негізгі өнім – көксерке еті Германия, Дания және Норвегия елдеріне экспортталады.

"Қарашалаң балық" зауытының іске қосылуы өңірдің балық өнеркәсібін жаңғырту жолындағы маңызды қадам болып, Арал аймағының әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуына, балық шаруашылығы дәстүрлерін жандандыруға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға зор үлес қосады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу