Аралдың солтүстігін қалпына келтіру үшін арнайы жоба дайындалып жатыр

182

Саладағы маңызды бағыттың бірі – Аралды қалпына келтіру мәселесі.  

Аралдың солтүстігін қалпына келтіру үшін арнайы жоба дайындалып жатыр Фото: Gismeteo

Солтүстік Аралға шамамен 5 млрд текше метр су жіберілген.

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Оның айтуынша, су шаруашылығы саласындағы маңызды бағыттардың бірі – Аралды қалпына келтіру мәселесі. 

Министрлік құрылған сәттен бастап Солтүстік Аралға шамамен 5 млрд текше метр су жіберілген.

"Су айдынының көлемі 24,4 млрд м³-ке дейін ұлғайды. Қазіргі уақытта Дүниежүзілік банктің гранты есебінен "Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру және өңірлік дамыту" жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Жалпы, Министрлік жүргізіп жатқан іс-шаралар кешені – инфрақұрылымдық нысандарды салу және жаңғырту, су үнемдеу және цифрлық технологияларды енгізу – климаттық тәуекелдердің артуы жағдайында елдің су ресурстарын тұрақты пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған", – деді Нұржан Нұржігітов.

Министрлік 2030 жылға дейінгі саланы дамыту тұжырымдамасын, Су шаруашылығын дамыту кешенді жоспарын және жаңа Су кодексін қамтитын кешенді құқықтық және институционалдық негіз қалыптастырғаны да айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу