Аралдың тартылған табанына отырғызылған орман көлемі 300 мың гектарға жетті

1841

Глеб Щегельскийдің айтуынша, Арал өңірінде осы уақытқа дейін 50 мың гектарлық жайылым жер қалпына келтірілген.

Аралдың тартылған табанына отырғызылған орман көлемі 300 мың гектарға жетті

Арал теңізінің тартылып қалған 300 мың гектар аумағында орман өсіріліп жатыр. Бұл туралы парламент мәжілісінде "Арал өңірінің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мәселелерін заңнамалық реттеу" тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында ҚР парламенті мәжілісінің экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельский мәлім етті, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.  

Мәжілісменнің айтуына қарағанда, Арал өңірінде осы уақытқа дейін 50 мың гектарлық жайылым жер қалпына келтірілген.

"Теңіздің тартылып қалған бөлігінде қолдан отырғызылған орманның аумағы 300 мың гектарға жетті. Осының бәрі әлеуметтік-экономикалық тиімділікті көрсетеді", –  дейді Глеб Щегельский.

Алайда депутаттың айтуына қарағанда, аймақтың тұрақтылығы үшін әлі де біршама жұмыс жүргізу керек.

"Иә, біз Кіші Аралды сақтап қала алдық. Бірақ, алдағы уақытта осы аймақтың су ресурсын сақтап қалуды, салалардың тұрақты дамуын, соның ішінде балық шаруашылығының өркендеуін ойластыру керек",– дейді депутат.

Келтірілген мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда аймақтағы балық зауыттарының жартысы ғана толық қуатта жұмыс жүргізіп отыр.

"Бүкіл өндірістік қуатты қалай іске қосуды, теңіздің биоресурсын сақтай отырып, кәсіби балық шаруашылығын өркендетуді, балық өндірісінің толық циклын қалай құруды ойластыруымыз керек", – дейді депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу